Қамқоршылық кеңесі құрамына мүшелер сайлау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің 03 қаңтар 2024жыл №2 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес барлық білім беру ұйымдарында соның ішінде «Айнабұлақ орта мектебі» КММ-сі бойынша қамқоршылық кеңесінің өкілеттілігі тоқтатылып, қайта құрылатынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 4 қаңтар мен 24 қаңтар 2024 жылы аралығында тиісті білім беру ұйымдарына өтініш тапсыруы тиіс.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫНА:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде
Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер мен құжаттар жергілікті білім беру ұйымына өткізіледі.