«Айнабұлақ орта мектебінің» 90 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты және Бикамал Рахымбаева атындағы «Білім мен зерде бәйгесі» олимпиадасының ресми ашылуы » КГУ 'Айнабулакская средняя школа'
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Айнабұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(702) 997-78-97
Есебеші бөлімі:
+7(72) 249-69-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айнабұлақ орта мектебінің» 90 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты және Бикамал Рахымбаева атындағы «Білім мен зерде бәйгесі» олимпиадасының ресми ашылуы
17
ноябрь
2025

«Айнабұлақ орта мектебінің» 90 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты және Бикамал Рахымбаева атындағы «Білім мен зерде бәйгесі» олимпиадасының ресми ашылуы

https://www.instagram.com/ainabulaq_orta_mektebi/reel/DRKlXdoDJeZ/
Бүгін мектебіміздің төрінде ерекше рух, ерекше қуаныш! 🎉
Тоқсан жылдық тарихы бар қара шаңырақ – «Айнабұлақ орта мектебінің» мерейтойы салтанатты түрде шымылдығын түрді.
Бұл – тоқсан жылдың тағылымы, тоқсан жылдың тіршілігі, тоқсан жылдың тәлімі тоғысқан мерейлі сәт✨

Уақыттың өзінен мәртебе алған білім ордасының әр кірпіші – ұстаздың ізі 👩‍🏫,
әр табалдырығы – шәкірттің арманы ✨.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қасиетті жолдың бүгінгі белесі !
Мерейтой шапағатын жалғаған тағы бір тағылымды шара –
“Еңбек ардагері», Ұлағатты ұстаз бастауыш сынып мұғалімі Рахымбаева Бикамал апамыздың атындағы
3–4-сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «Білім мен зерде бәйгесі»📚✨ олимпиадасының ашылуы.

Бұл дода – жай жарыс емес.
Бұл – зерденің шежіресін жалғар, білімнің шамын жағар кішкентай данышпандардың ✨🧠 бәйгесі.
Бикамал апамыздың мейіріммен талапты ұштастырған ұстаздық жолы 💛
осы жас бүлдіршіндердің ынтасы мен ізденісінде қайта жаңғырғандай.

Жас математиктер бүгін өз білімін сынға салып қана қоймай,
ұстаз рухына, мектеп тарихына, білімге деген шексіз құрметін білдірді. 🙏📘
Олимпиада соңында Бикамал апамыздың ұрпақтары жас білімпаздарға бағалы сыйлықтар 🎁 мен алғысхаттар табыстап, қатысушыларға зор қуаныш сыйлады.

Похожие публикации: